«Уақып» қорын насихаттау мақсатында аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің бас имамы Есет Тұрдыбайұлы аудан имамдарына «Уақып» қоры жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Есет Тұрдыбайұлы «Уақып» қорының жұмыс бағыты жайлы айтып, ислам дінін де қайырымдылық атаулының ең құрметтісі уақып болып табылады. Тілдік тұрғысынан «уақып» сөзі ұстау, тоқтату, кедергі болу деген мағыналарды білдіреді. Шариғаттағы мағынасы белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалануды уақып деп атаймыз деп түйіндеді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

