Жамбыл облысы Жуалы ауданының бас имамы Есет Тұрдыбайұлы имамдарға пәтуа сағатын өткізді.
Пәтуа сағатта бас имам Есет Тұрдыбайұлы «Пәтуа дегеніміз – ислам шариғатында құзыретті адамның (беделді дін ғалымының) шариғи қағидаттарға, діни-құқықтық проблемаға қатысты қойылған сұраққа тиісті дәлелдермен берген жауабын айтамыз.
Пәтуа ол діннің заңы болғандықтан әрбір дінді ұстанушы мұсылман адамы заңға бағынуы тиіс. Яғни берілген пәтуадан аттап, өзінің көңіл қалауымен жүруіне әсте болмайды. Осы орайда имамдарға пәтуаны кімдер беруі керектігін және берілген пәтуа Алланың атынан болып саналатын болғандықтан бұл істе мұсылмандар өте мұқият болғаны дұрыс екендігін жеткізді.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

