Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде аудан бас имамы Тұрдыбайұлы Есет жұма намазға келген жамағатқа «Тәуелсіздік – ең қымбат қазына» атты жұма уағыз-насихат айтты.
Тәуелсіздік – халықтың рухы, елдіктің белгісі, ұрпақтың ең қымбат мұрасы. «Тәуелсіз» деген сөз – дүниежүзіндегі ең асқақ әрі өте ардақты ұғымдардың бірі. Ол – еркіндіктің, теңдіктің, бейбіт өмірдің баламасы, ата-бабамыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, ұрпағына аманат еткен баға жетпес құндылық.
Тәуелсіздік – мыңдаған жылдар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың ақиқатқа айналған арманы. Бұл – Қазақ елінің ғасырлар бойы жасаған жанқиярлық күресінің нәтижесі, аналарымыздың көз жасына лайық Алланың берген ұлы сыйы.-деп түйіндеген Есет Тұрдалыұлы көпшілік жамағатпен елімізге амандық Жаратушы Жаббар Иеміз ұлтымыздың ұлы мұратын баянды еткей, еліміздің еңсесін биік, жеріміздің тыныштығын берік еткей-деп қол жайып дұға жасады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

