Мойынқұм: Мешітте рухани шара жасалды

Мойынқұм: Мешітте рухани шара жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Мойынқұм мешітінде маңызды рухани шара өтті. Мешіт имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа пайғамбарға деген махаббат тақырыбында тағылымды уағыз айтып, жүректерді рухани азықпен байытты. Уағыздан кейін жамағатқа ас таратылып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді.

Шара аясында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұқан атамызға дәстүрлі түрде шапан жауып, батасын берді. Бұл рәсім ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, үлкенге құрмет көрсету мәдениетінің жалғасып жатқанын айқындайды.

Мешіт имамы Ержан Көшкімбай өз сөзінде: «Пайғамбарымызға деген махаббат - әр мұсылманның жүрегінде болуы тиіс қасиет. Осындай шаралар арқылы біз қоғамдағы бірлікті, ізгілік пен ізеттілікті нығайтамыз», - деп атап өтті.

Жамағат ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мешіт ұжымы алдағы уақытта да рухани - танымдық және дәстүрлі шараларды тұрақты түрде өткізіп отыратынын хабарлады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: