Тараз: Қариясы бар ел - қазыналы ел

Тараз: Қариясы бар ел - қазыналы ел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түрксіб мешітінің бас имамы мен наиб имамы Қарттар күніне орай қарияларды марапаттады.

 Қазан айының 1-і - Халықаралық қарттар күні. Бұл күн - өмірін ел игілігіне арнаған қарияларға құрмет көрсетіп, ақ батасын алу күні. Осы орайда Түрксіб ауылында орналасқан «Түрксіб» мешітінің бас имамы мен наиб имамы ауыл қарияларына арнайы құрмет көрсетіп, мерекелік сый - сияпаттар табыстады.

Шара барысында мешітке арнайы шақырылған бірқатар ақсақалдар мен аналарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Имамдар қариялардың ел мен дін жолындағы еңбегін атап өтіп, оларды марапаттап, сыйлықтар тарту етті.

   Мешіттің бас имамы өз сөзінде: «Қариясы бар ел - қазыналы ел. Үлкенге құрмет көрсету - біздің дінімізде, дәстүрімізде де ерекше орын алады. Қариялар - шежіре, өнеге мектебі. Біз бүгінгі шара арқылы жас буынға үлкенді сыйлаудың,  құрметтеудің маңызын көрсетіп отырмыз», - деп атап өтті.

   Шара аясында наиб имам да сөз сөйлеп , ақсақалдарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр,  ұрпақтарының қызығын көруді тіледі. Сонымен қатар, мешіт ұжымы осындай рухани - мәдени шараларды алдағы уақытта да жалғастыратынын жеткізді.

Қариялар да өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, мешіт қызметкерлеріне ақ баталарын берді. Олар бұл құрметтің - елдің бірлігі мен имандылығының айғағы екенін айтып, алғыстарын жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: