Мойынқұм ауданында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жастар арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты - жастарды салауатты өмір салтына баулу, достық пен ынтымақты арттыру, сонымен қатар қоғамда деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың құндылығын түсіндіру болды.
Жарысқа ауданның ауылдық округтерінен құралған жас спортшылар белсене қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Әр команда жеңіске жету жолында ауызбіршілік пен әділ бәсекенің үлгісін танытты.
Шара барысында ұйымдастырушылар жастарды елдің болашағы ретінде татулық пен бірлікке шақырып, спорт арқылы ұлтжандылық пен патриоттық сезімдерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Жарыс соңында үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Осындай спорттық және тәрбиелік бағыттағы іс - шаралар жастардың белсенділігін арттырып, олардың бойында жауапкершілік, өзара сыйластық және бейбіт өмірдің маңызын ұғынуға жол ашады.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

