Аудандық "Бәйдібек" мешітінің жанындағы ДСАК ұстазы Жайна Бекназарова шәкірттеріне "Мұсылман қазақ әйелінің киіну үлгісі" туралы арнайы ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағат барысында ұстаз шәкірттерге шариғатқа сай киім киюдің талаптарын, киімнің мұсылман әйелінің ар-намысын қорғаудағы маңызын түсіндірді.
Сондай-ақ Жайна ұстаз қазақ халқының әйел-қыздарының киіну дәстүрін мысалға алып, ислам мен ұлттық дәстүрдің үйлесімді байланысын көркем түрде салыстыра отырып жеткізді.
Іс-шара соңында шәкірттер өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Ашық тәрбие сағатының соңында шәкірттермен бірге шәй ішіп, әйел шәкірттер үшін рухани әрі танымдық маңызы зор шара болды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

