Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:
Әсіресе бидғат жолды ұстанатындар дінді өз ақылдарымен өзгертіп, діннің осы бұзылған халін де Ислам деп атайды. Осылайша діннің негізі жоғалуда. Құл, өзін жаратқанның жіберген дініне ешнәрсе қоса алмайды. Өзі дінге бағынады, дінді өзіне бағындырмайды. Дінді өзіне бағындыруға тырысатын болса, ол нәрсе дін болудан шығады. Әһли сүннет ғұламалары бүкіл өмірін бидғаттарды жоқ қылып, сүннеттерді жаюға арнаған, осы жолда бар күштерін жұмсаған. Қазіргі таңда исламның әмірлері әдет-ғұрып ретінде ғана орындалуда, бидғаттар көбейді. Бұл жағдай дініміздің уақыт өткен сайын бұзылуына себеп болуда. Алайда, әр бидғат бір пәлекет және шайтанның алдауы болып табылады.
Бір күні Ібліс бір тауға шығып қатты айқайлайды. Қатты айқайлағаны сонша, жер бетінде қанша шайтан бар болса, барлығы сол жерге жиналады. Жиналған шайтандарға Ібліс былай дейді:
- Біз үшін бір пәлекет орын алды. Ең үлкен күнәларды істейтін мұсылман, егер тәубә етіп, Аллаһтан мағфирет (кешірім) тілейтін болса, ол мұсылманның кешірілетінін білдірген бір аят түсті. Біз оларға қанша күнә істетсек істетейік, олар бір күні тәубә ететін болса, бұл күнәлардың барлығы кешіріледі. Біздің істегендеріміздің барлығы босқа кетеді. Одан кейін олар жаһаннамға түспейді. Бұған бір шара, амал табуымыз керек. Бұған бір айлаларың бар ма?
- Жоқ, білмейміз.
- Мен білемін. Мұсылмандарға тәубә еттірмейтін бір күнә табуымыз керек. Енді сендердің міндеттерің – осындай бір күнәні табу.
Шайтандар таралып кетеді. Бірнеше күннен кейін Іблістің айқайымен шайтандар қайтадан бір жерге жиналады. Барлығы «Сен айтқан шараны таба алмадық» дейді. Малғұн Ібліс күліп, былай дейді:
- Сүйінші балаларым! Мен олар тәубә етпейтін үлкен бір күнә таптым. Олардың дініне бидғат араластырамыз, діндеріне жаңалықтар енгізіп, кейбір ғибадаттарды қысқартып өзгерістер жасатқызамыз және бұларды олардың көздеріне нағыз таза жолдай етіп көрсетеміз. Сонда олар бұл бидғаттарды Құран және сунна деп ойлайтын болады. Сондықтан өз қолдарымен жасаған жаңаша ғибадаттарын «Бұлай істеу сауапты амал, бұл нағыз Құран жолы, өте пайдалы, өте ыңғайлы» дейтін болады. Бидғаттарға ғибадат деп жабысатын болады. Сол себепті бұл бидғаттарды ешқайсысы тастай алмайды. Тіпті бұл бидғаттарға қарсы шығатын адамды көргенде, "дін қолымыздан шығып бара жатыр" деп, түзетілуіне жол бермейтін болады. Ғибадат деп орындағандықтан және күнә деп білмегендіктен олар бұл бидғаттардың ешбіріне тәубә етпейді. Тәубә етпегеннен кейін әһли бидғат болып тура жаһаннамға түседі. Ол жерде бізбен бірге болып, ешқашан шықпайды.