Қордай: «Ал-Хафиз» мешітінде айлық дастархан жайылды

Қордай: «Ал-Хафиз» мешітінде айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

А.Саъди: «Көркем қарыз – жақсы істер мен адал табыстан жұмсалған садақалар. Өз иелігіндегі нәрсені бір Алланың разылығы үшін садақа ету – Аллаға берілген көркем қарыз іспеттес.

Алла Тағала оны құлына еселеп қайтарады», – деген. Осы игі амалға орай Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Ал Хафиз» мешітінде айлық дәстүрлі дастархан жайылды. Жамағат бір дастархан басына жиналып, бауырмалдық пен мейірімнің үлгісін көрсетті.

Шара барысында аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Әнебеков ғибратты насихат айтып, жиналған көпшілікті рухани әсерге бөледі. Алланы еске алатын орындар мен жамағаттар көбейе берсін! Жаратушысын танып, бойұсынған құлдардан болуды Алла баршамызға нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: