Адамның кіндік қаны тамып, өсіп-өнген жері – оның Отаны. Әр адам өз туған жерін жақсы көруі, оны қадірлеуі және алыста жүрсе сағынуы – Алла Тағаланың жүрекке салған ұлы сезімдерінің бірі.Дана халқымыз: «Ұлтарақтай болса да, ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат», – деп бекер айтпаған. Сондай-ақ, «Бақыр қазан қайнаса бәріміздің бағымыз, туған жердің әр тасы – біздің алтын тағымыз», – деп туған елдің адам үшін қымбат қазына екенін дәріптеген.
Осы игі дәстүр жалғасын тауып, Сортөбе ауылындағы «Хамид бен Бадый» мешітінің имамы Паншаров Губар мен ауыл ақсақалдары және жамағаты Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған дүнген ұлтынан шыққан жеті азаматты әскерге шығарып салды.Алла Тағала бұл азаматтарға күш-қуат беріп, ел қорғаны болуды нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



01 Қараша 2025
10 Джумада-авваль 1447

