Меркі: Сәбиға азан шақырылып ат қойылды

Меркі: Сәбиға азан шақырылып ат қойылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы жаңа туған сәбиге азан шақырып, ат қою рәсімін өткізді.

Әрбір жаңа туған сәбиге жақсы, мағыналы ат қою – ата-ананың міндеті әрі баланың өміріне береке әкелетін маңызды сүннет амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) “Балаларыңа әдемі ат қойыңдар” деп өсиет еткен.

Бас имам сәбидің оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтып сәбиге көркем әрі мағыналы есім берді. Сонымен қатар, азан шақырып ат қоюдың мән-мағынасы, оның діни және рухани тәрбиедегі орны жайында насихат айтты.

Игі шара соңында сәбидің иманды, өнегелі азамат болып өсуін тілеп, дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: