Меркі: Ұшыр садақасы берілді

Меркі: Ұшыр садақасы берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының тұрғыны, мешіт жамағаты Жұмабек ағаның тарапынан еліміздегі діни оқу орындарына ұшыр садақасы табысталды.

Ұшыр амалы – мұсылман адамның егіннен, бау-бақша өнімінен белгілі бір бөлігін Алла разылығы үшін садақа беруі болып табылады. Адал табыстан берілген ұшыр – берекенің бастауы

Жиналған алма жемісінің ұшыр садақасы арнайы есепке алынып,  еліміздегі медреселерге үлестірілді. Атап айтар болсақ «Һибатулла Тарази» медресесіне 93 қорап, «Үш қоңыр» медресесіне 30 қорап, «Әбу Ханифа» медресесіне 15 қорап, «Нұр-Мүбәрак Египет Ислам Мәдениеті Университеті» жатақанасына 15 қорап, «Шымкент» медресесіне 40 қорап, «Сарыағаш» медресесіне 60 қорап, «Хусамуддин ас-Сығанақи» атындағы ислам институтына 30 қорап алма жемісі жіберілді.

Осы игі іс-шараға атсалысқан барша жанға Алла разы болсын.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: