Байзақ: МЕДРЕСЕ ҰСТАЗЫ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

Байзақ: МЕДРЕСЕ ҰСТАЗЫ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» медресе колледжінің ұстазы Ерболат Боханов Байзақ  аудандық мешітінің жастарымен кездесті.

 Жастармен кездесу барысында ұстаз Ерболат Боханов «Қоғамның бірлігін сақтау, ынтымақта болу» тақырыбында насихат айтты. «Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «Бірлік болмай тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш ол – күншілдік, іштарлық, араздық. Халқымыз ұрпағын мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған ақсақалдар мен билер ел ішіндегі асқынған дау-дамайды, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына аса көңіл бөлген.

Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахидың алғашқы кезеңінен бастап, мұсылмандардың өзара бауырмалдығы мен бірлігіне аса маңыз берген» деп атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: