Байзақ ауданы Абай ауылдық мәдениет үйінде жастарға арналған кездесу өтті. Жиынға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және II аймаққа қарасты ауыл имам-молдалары қатысып, нашақорлықтың зардаптары, есірткіге қарсы күрес, интернет кеңістігінде жалған ақпараттарға алданбау, діни сауаттылықты арттыру және рухани құндылықтарды дұрыс қабылдау жайында кеңінен жастарға айтылды.
Насихат барысында қазіргі күні рухани дерт ретінде кең тараған нашақорлыққа жол бермеу үшін әрбір адам білуі тиіс оның зиянды жақтары атап өтілді. Сондай-ақ, бұл дерттен арылудың жолдарына тоқталып, нәпсіні жаман қалаудан тыюдың, балаға жастайынан дұрыс тәрбие берудің, жаман ортадан алшақ жүрудің маңыздылығы түсіндірілді. Бұған қоса Құран аяттары мен Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде кездесетін насихаттар тілге тиек етілді.