Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Сұлтаншәріп Жәнібекұлы аудан ақсақалдарының ұйымдастыруымен өткен «Заң және тәртіп» атты жиында баяндама жасады. Сонымен қатар, жиынға ауданға қарасты бірнеше мешіттің имам-молдалары, аудан әкімінің орынбасары, ақсақалдар алқасының төрағасы Бижанов Қожайхан, аудан прокуроры Қалыбаев Болат және өзге де мекемелердің басшылары қатысты.
Қоғамдағы заң мен тәртіп — бұл адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттейтін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі қағидалар. Заң — бұл мемлекеттің шығарған ресми ережелері мен нормаларының жиынтығы, ал тәртіп — сол заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін жағдай мен жағдайларды білдіреді. Заң мен тәртіптің дұрыс үйлесімі қоғамның дамуына, адамдардың қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі