Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің ұстазы Шынали Айгерім діни сауат ашу курсының шәкірттерімен тауға шығып, таза ауамен тыныстап, саяхат жасап қайтты. Үздіксіз дәріс алудың арасында саяхаттау, жер аралау, сапарға шығудың өзіндік пайдалары мен артықшылықтары бар.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сапарға шығыңдар, денсаулықтарың жақсы болады», – деген (имам Ахмад).
Адам баласы сапар сынағына төзу арқылы өзін сабырлыққа тәрбиелейді, адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы білмегенін үйренеді, түрлі жерлерді көру арқылы ғибрат алып, санасы толығады. Бишр әл-Хафи (Алла оны рахымына алсын): «Уа, ғұламалар қауымы! Жер бетінде саяхат жасаңдар, сонда тазарасыңдар! Себебі, су ағатын болса, таза болады. Ал бір орында ұзақ тұрса бұзылады», – дейді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі