Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы және облыстық мешіттің наиб имамы Мұрат Нұрлан ауданға қарасты бірқатар ауыл мешіттерін аралап, қысқа жылыту дайындықтарын тексеріп зерделеді.
Атап айтқанда, аудандық Сұлтан мешіті, Луговой ауылдық Әл-Хақ, Жүсіп мешіттері және Қасымбай ата мешітін зерделеп ауыл имамдарына газ пештерінің мұржаларын тазалауға тапсырма берді. Зерделеу барысында мешіттердің жылыту газ пештерін және жылы су беретін газ колонкаларын тексерді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі