Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы мен облыстық мешіттің наиб имамы Мұрат Нұрлан ауданға қарасты бірқатар ауыл мешіттерін аралап, мешіт сөрелеріндегі кітаптарды тексерістен өткізді.
Атап айтқанда, аудандық Сұлтан мешіті, Луговой ауылдық Әл-Хақ, Жүсіп мешіттері және Қасымбай ата мешітінің кітаптарын зерделеп, дін істер басқармасы мен ҚМДБ-ның оң қорытындысы берілмеген кітаптарды сөрелерден алдырып тастады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі