Тіл – ұлттың жаны, рухы, бет-бейнесі, өткені мен болашағы. Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – деп тілдің ұлт үшін қаншалықты маңызды екенін бір ауыз сөзбен жеткізген.
Осы мақсатта Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» қазақ тілін үйрету дәрістері жалғасуда. Дүнген ұлтынан шыққан имамдар қазақ тілін үйренуде белсенділік танытып, үлкен ынтамен қатысуда. Алла Тағала баршамызға жеңілдік, табандылық және пайдалы білім нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі