Масаншы ауылындағы Қордай Қарилар даярлау орталығында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы болып қайтты.
Сапарға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамдары Нұрлан Мұрат пен Бахтияр Амиреев те қатысты. Олар ұстаздардың білім деңгейін саралап, шәкірттердің дайындық барысын қадағалады.
Бас имам Асқар Зәкіржанұлы шәкірттерге Құран жаттау мен тәджуид ережелерін дұрыс меңгерудің маңызын атап өтіп, ұстаздарға жемісті еңбектері үшін алғыс айтты.
Бұл игі іс – қасиетті Құранды насихаттап, елдің рухани өмірін байытудың жарқын көрінісі.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі