ҚОРДАЙДА ЖАМАҒАТПЕН НАМАЗ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚОРДАЙДА ЖАМАҒАТПЕН НАМАЗ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев Қордай ауданындағы ауыл имамдарымен кездесу өткізді.

Жиын барысында жамағатпен намаз өткізу тәртібі жөнінде арнайы семинар ұйымдастырылды. Онда намаздың дұрыс орындалуы, имамның жауапкершілігі мен жамағаттың бірлігі жайлы кеңінен түсіндірілді.

Кездесудің басты мақсаты – діни рәсімдердің бірізділігін сақтау және ауыл имамдарының тәжірибесін арттыру болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: