Құмтиын ауылы, "Ботабай" мешітінің асханасында Пайғамбарлар төресі- Әз Мұхаммедтің (с.а.у.) туған айының құрметіне мәуліт оқылып, ас берілді. Шараға аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев қатысып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен сыр шертті.
Имам өз кезегінде: "Ол – адамзаттың ұстазы. Ол кісінің ұстаздығы Құран үйретумен шектелмейді. Намазда имам, яғни жетекші болғаны сияқты өмірдің әр саласында да үлгі. Пайғамбар ретінде және қарапайым пенде болмысында өмірінің әр қыры бізге өнеге" деп баяндай келе, одан өнеге алып, өмір сүру керектігін ұқтырды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

