Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке жиналған жамағатқа бекітілген жоспарға сәйкес парыз намаздарынан соң ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды таныстырып, ашықтап беру мақсатындағы «Пәтуа сағатын» тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Сондай-ақ, шарада жамағаттың сұрақтарына кезек беріліп, басқа тақырыптар бойынша да насихат айтылды. Жамағаттың актуалды мәселесі- қаржылық жағдай және қоғамдық тәртіпке байланысты болды. Наиб имам барлық сұрақтарға толыққанды түрде жауап берді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

