Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешітке жиналған жамағатқа "Жастар арасындағы қылмыс - болашаққа балта шабу" тақырыбында насихат айтты.
Қазір елімізде жастар арасында қылмыс өршіп тұр. Мамандар жасөспірімдер арасындағы қылмыс жалпы қылмыстың шамамен 10-15 пайызын құрайтынын айтады. Жасөспірімдер көбінесе меншікке қарсы қылмыс жасайды, оның ішінде ұрлық негізгі орын алады, одан кейін тонау және бопсалау.
Жастар арасындағы қылмыстың себептеріне қоғамның стратификациясы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жасөспірімдер арасында маскүнемдік пен нашақорлықтың таралуы, моральдық ұстанымдардың, имандылықтың төмендеуі, теледидар мен интернет, үнемі азғын өмір салтын насихаттау, ерік-жігердің болмауы, жасөспірімдер үшін бос уақытты ұйымдастырудың болмауы себеп болып тұр. Сондықтан мешіттегі имамдар да осы тақырыпта көбірек насихаттағаны тиімді болары сөзсіз.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі