Өрнек ауылы, "Өрнек" орталық мешітінің молдасы Әсет Сулейменов мешіт жамағатына "Дұға - өзекті құлшылық" тақырыбында насихат айтты. Дұғаның нәтижесінде, дұға жасаған кісі өзінің дұғасын естуші, мейірімін төгіп, мұң-мұқтаждықтарына жауап беруші Ұлы Құдіреттің бар екенін біледі. Өзінің осынау әлемде жалғыз, қорғансыз емес екенін түсінеді.
Ол барлық нәрсеге құдіреті жететін, кез-келген нәрсені әп-сәтте жарататын Жаратқанға мұңын шағу арқылы мойнындағы ауыр жүктен арылып, көңілі сергіп, жеңілдеп қалады. Шын мәнінде дұға – ол ғибадат. Алла тағала шын ықыласпен тілеген дұға-ғибадаттарымызды қабыл етсін!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі