#Т.РЫСҚҰЛОВ: «АДАЛ ЕҢБЕК - РУХАНИ БАЙЛЫҚ НЕГІЗІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «АДАЛ ЕҢБЕК - РУХАНИ БАЙЛЫҚ НЕГІЗІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Мейіржан Рахымбаев жастарға «Адал еңбек – рухани байлықтың негізі» атты тақырыпта насихат айтты.

Мейіржан имам кездесуде: «Адал жолмен мал табу, қоғамға, Отанға адал қызмет ету - Алла Тағаланың адам баласына жүктеген міндеттерінің бірі. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен тер төкпестен,  алдап-арбау, түрлі қулық-сұмдық жолдармен тапқан дүниенің қайырлы болмасы белгілі. Әр мұсылман адал кәсіппен шұғылданып, адал табыспен күн көруге де жіті көңіл бөлуі тиіс. Ардақты Мұхаммед ﴾ﷺ﴿  Пайғамбарымыз көптеген хадистерінде адал еңбек жасап жүрген мұсылмандарды мақтап, адал несібе іздеуге шақырған. «Құлшылық он түрлі нәрседен құралады. Бұл он нәрсенің тоғызы адал ризық іздеуде», «Кейбір күнәлар бар, оларға намаз, ораза, қажылық та кәффарат бола алмайды. Тек күн көріс қамымен қажымай жұмыс істеу ғана оны жуып-шая алады».

«Қара жұмыстан қолы күстеніп немесе шаршап-шалдығып келіп ұйқыға бас қойған адам кешірімге ие болып, күнәларынан арылады»,- деп, адал еңбекке қызықтырар хадистерге тоқталды.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: