Жуалы: «Заң мен тәртіп», «Әділ қоғам» тақырыптарында жиын өтті

Жуалы: «Заң мен тәртіп», «Әділ қоғам» тақырыптарында жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақсай ауылдық мәдениет үйінде аудандық ардагерлердің кеңейтілген жиыны өтті. Жиынға облыстық кеңестің мүшесі Исмаил Хаджымұратов, сондай-ақ Жамбыл, Байзақ, Талас, Сарысу аудандары мен Тараз қаласының ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында қабылданған міндеттер талқыланды.

Кездесуде Жамбыл облыстық ардагерлер форумында қабылданған «Заң мен тәртіп», «Әділ қоғам» тақырыптарындағы үндеулер мен шешімдерді іске асырудың бағыттары қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова, аудандық және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары, «Отбасын қолдау» орталығының өкілдері, құқық қорғау органдары мен ауыл имамдары қатысты.

Жиында қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері, дін мен отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жайы кеңінен сөз болды. Жуалы ауданының Бас имамы Есет Таласбаев “Дін ұстай алсақ ақіретің, ұстай алмасаң қасіретің” тақырыбында сөз сөйледі.

Қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру үшін ардагерлер қауымының белсенділігі аса маңызды екенін атап өтіп, ел ішінде тұрақтылықты сақтау мен қоғамдық бірлікті нығайту бағытында бірлесе жұмыс жүргізу қажеттігін жеткізді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: