Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық, орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызы ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай "ШАПАҒАТ ШАМ ШЫРАҒЫ ӘЗ МҰХАММЕД" атты Мәуліт кеші өткізілді.
Мәуліт аасында Жуалы ауданының бас имамы: Таласбаев Есет Тұрдыбайұлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) Отбасындағы қарым қатынасы және отбасы құндылықтары туралы айтып кеңінен түсіндіріп өтті. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жайлы біраз уағыз-насихат жүргізді.
Мешіт ұстазы Клара Диханбайқызы Мәуліт айының артықшылығы және салауат айтудың сауабы бар екенін түсіндірді. "Сағындым сені Я РасулАлла " - атты сағыныш хатын жазудан мешіт оқушылар арасында Сағындықова Гулшехра 1 орын иеленді. Соңынан екі Құран хатым оқылып, көпшілік жамағаттармен дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.