Биыл егемен еліміздің Конституциясына 30 жыл толып отыр. Ата Заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі. Осы айтулы датаға орай, аудандық мәдениет үйінде «Ел ардағы – Ата Заң!» атты салтанатты жиын өтті.
Конституцияның 30 жылдығына орай өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Жиында Жуалы ауданының құрметті азаматы, «Жуалы» мешітінің имамы Медетбеков Сейітқазы қажы Әбдірұлы арнайы Құрмет грамотасымен марапатталды. Жиын соңы көрермен жүрегіне отансүйгіштік сезім ұялатқан мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.