Сәду Шәкіров ауылында "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет жамағатқа «Дін мен дәстүр» кітабының екінші томын таныстырды. Кітапта қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ислам дінінің өзара үндестігі кеңінен баяндалған.
Жиын барысында Бақдәулет имам кітаптың мазмұнына тоқталып, дін мен дәстүр сабақтастығының маңыздылығын атап өтті. Шара жамағат тарапынан қызығушылықпен қабылданды.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.