Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев келген жамағатқа "Ислам және отбасы құндылықтары" тақырыбында уағыз айтты. Пайғамбарымыз хадисінде: "Көршісі аш бола тұра өзі тоқ болған бізден емес " - деп, көршінің өзіне немқұрайлы қарауға болмайтындығын атап өткен болса, туыс пен отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынас қаншалықты дұрыс, мейірімге толы болуы керек екендігін атап өтті.
"Пайғамбарымыздың хадистерінен түсінетініміз әр отбасы мүшесінің орны мен міндеттері бар. Сол міндеттерін атқару арқылы сауап ие болып, отбасы шайқалмайды. Мысалы, әкесі адалынан ас тауып, анасы баланы тәрбиелеп, бала ата-анасын құрметтеп, сыйласа және т.б. Алла разы болған және екі дүниеде бақытты болғандардың қатарында болатыны анық" - деп насихатын айтты.
Бабаларымыз: "Құдайдан қорықпағаннан қорық" - деп әуелі отбасы мүшелері Алладан ұялып, оның көріп және естіп тұрғандығын ұмытпауға шақырды.