Талас: Мешітте діни сауат ашу дәрістері басталды

Талас: Мешітте діни сауат ашу дәрістері басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық “Қаратау Қажы би” орталық мешітінде діни сауат ашу сабақтары басталды.  «Қаратау Қажы би» орталық мешітінде жамағатқа арналған тұрақты діни сабақтар басталды. Игі бастама ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйытқы болуымен жүзеге асуда.

Сабақтарда Құран тәпсірі, ақида (сенім негіздері), сира (Пайғамбарымыздың өмірбаяны) және хадис ілімдері бойынша дәрістер жүргізілуде. Діни білімді арттыруға бағытталған бұл сабақтар жамағаттың рухани сұранысын өтеуге және діни сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді. Сабақтар белгілі бір кесте бойынша тұрақты түрде өткізіледі. 

“Қаратау Қажы би” орталық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: