Меркі ауданы «Қарабала Төре» мешітінің имамы Қасымалиев Батырбек мәуліт дастарханына жиналған жамағатқа «Пайғамбарды жақсы көру» тақырыбында уағыз айтты.
Батырбек имам: «Пайғамбарға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббат мәуліт оқумен, салауат айтумен білінеді. Біз Алла Елшісін (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзімізден, отбасымыздан да артық жақсы көруіміз қажет» - деп, және ізгілердің Пайғамбарға деген махаббаты жайлы сөз қозғап, тағылымды насихат айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі