#Шу: “Жәми” мешітінде Ұмра қажылығына жолдама берілді

#Шу: “Жәми” мешітінде Ұмра қажылығына жолдама берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылыққа барып, қасиетті бес парыздың бірін шынайы ықыласпен өтеу ‒  әрбір мұсылманның арманы.

Мәуліт айының қасиетті күндерімен тұспа-тұс келген жұма намазында Шу ауданындағы «Жәми» мешітінде ерекше қуаныш орын алды. Жамағаттың көз алдында мешіттің ақсақалы Қазыбек ағамызға Ұмра қажылығына жолдама табысталып, мешіт іші қуаныш пен толқынысқа бөленді.

Сапар алдында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабіріне зират ету аманаты жүктелді. Жамағат пен демеушілер ақсақалға ақ батасын беріп, сәтті сапар тіледі.

Бұл сәт Мәуліт айының рухани мәнін тереңдетіп, жамағат арасындағы бірлік пен мейірімділікті айшықтай түсті.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: