Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде наиб имам қызметін атқарып, қазіргі таңда қызмет бабыбен «Достық» мешітінің имамдық қызметіне ауысқан Пирназаров Бауыржанға «Меркі ата» мешіт ұжымы мен жамағаты дәстүрімізге сай ізгі ниетпен имамға шапан кигізіп, алғыс білдіріп, жаңа қызметіне береке тіліеп шығарып салды.
Бұл игі іс – халықтың имамға деген сенімі мен сыйластығының белгісі. Шапан жабу дәстүрі қазақ қоғамында үлкен құрметтің, ізеттің нышаны болып саналады.
Жамағат тарапынан көрсетілген ілтипат имамның дін жолындағы қызметіне берілген бағасы еді. Шара барысында жиналғандар бір-біріне ізгі тілектер айтып, Алладан елдің амандығын, береке-бірлігін тіледі.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі