Меркі: Алла Елшісінің өмірін оқудың пайдасы жайлы насихат айтылды

Меркі: Алла Елшісінің өмірін оқудың пайдасы жайлы насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы «Жақсымбет ата» мешітінің имамы Қасымалиев Қыдырәлі меуліт кешіне жиналған көпшілікке «Алла Елшісінің өмірін оқудың пайдасы» турасында насихат айтты.

Жиын барысында мешіт имамы: «Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасын оқумен мұсылман адам бақытқа жетеді, отбасына береке кіреді. Отбасының берекесі кетіп жүрген бір бауырымыз осы Алла Елшісінің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір-тарихын әркүні  кешке оқуды әдетке айналдырған екен, осы амалы себепті Алла Тағаланың қалауымен отбасына береке кірген екен» - деп мешіт жамағатын Алла Елшісінің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасын оқуға, өмірімен танысуға, білуге шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: