Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да өз хадис-шәрифтерінің бірінде: «Балаларыңа атқа мінуді, жүзуді және садақ атуды үйретіңдер» - деп садақтың маңыздылығын ұқтырған.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Бауыржан Мұсағалиұлының ұйымдастыруымен ауылдық садақ атудан спорттық сайыс өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды қоғамда барынша дәріптеп әрі оның маңызын көпшілікке ұғындыру. Сонымен қатар жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, ынтымағын нығайту.
Садақ атудан өткен сайыста жамағат мергендіктен өзара бас сынасты. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.