Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінде жамағаттың діни білімін арттыру мақсатында фиқһ және ақида дәрістері басталды.
Дәрістерде мұсылманның күнделікті өміріне қатысты шариғат үкімдері, ғибадат мәселелері, сонымен қатар иман негіздері мен сенімнің басты қағидалары түсіндірілуде. Жамағатқа дұрыс діни түсінік қалыптастыру, сауатты мұсылман болуға бағыт беру – басты мақсат болып табылады.
Осындай дәрістердің өтуі мешіт жамағатының білім деңгейін көтеріп, діни сауатын нығайтуға үлкен үлес қосады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі