Бас имам Азамат Берікұлы денсаулығына байланысты ем алып жатқан көптеген жылдар бойы имамдық қызмет атқарған, қазіргі таңда сынаққа түсіп, төсек тартып ауырып қалған Сағынай имамды арнайы зиярат етті.
Көңіл сұрау – қанымызға сіңген салтымыздың бірегейі. Ол адамды құрметтеудің нышаны. «Аурудың емі – саудың сәлемі» деген мақал бар. Науқастанып жатқан адамның көңілін сұрап, жұбату сөздермен оның тез жазылуға деген сенімін арттыра түсу қажет.
Кездесу барысында бас имам сырқаттанып жатқан әріптесіне көңіл айтып, Алладан шипа тіледі.Зиярат барысында имамға рухани қолдау көрсетіліп, дұға жасалды. Өз кезегінде Сағынай имам бас имамға шынайы алғысын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі