Мәуліт мерекесінің құрметіне орай Қазақдихан ауылы «Әкімжан ата» мешітінде жамағатқа арнайы дастархан жайылды.
Іс-шара барысында пайғамбарымыз Мұхаммедтің ( Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезі насихатталып, жиналған қауымға уағыз-насихат айтылды. Жамағат бірге дұға жасап, Алланың елшісіне салауаттар жолдады.
Бұл игі шараның мақсаты – мұсылман қауымының бірлігін арттырып, имандылық пен бауырмалдықты нығайту болды. Дастархан басында жамағат өзара сұхбаттасып, мейірімділік пен берекенің мәнін сезінді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі