Аудан бас имамы Азамат Берікұлы Қызылқыстақ ауылы «Әл-Карим» мешітіне жиналған жамағатқа «Ауызбіршілік пен бауырмалдық» турасында насихат айтты.
Мешіт жамағатына арнаған уағызында бас имам ауызбіршілік пен бауырмалдықтың маңызына тоқталды. Ол Алла Тағала Құран Кәрімде мұсылмандарды бірлікке, татулыққа шақырып, бір-біріне сүйіспеншілікпен қарауға бұйырғанын атап өтті.
Жамағат имамның насихатын ықыласпен тыңдап, бірлік пен берекенің Алланың нығметі екенін жүректеріне түйді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



01 Мамыр 2026
14 Зуль-каада 1447

