Меркі: «Отанды қорғау – парыз» тақырыбында насихат айтылды

Меркі: «Отанды қорғау – парыз» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жауғаш батыр ауылдық мешітінің имамы Қосаев Мұрат отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездесіп, «Отанды қорғау – парыз» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Кездесу барысында ол Құран Кәрім мен хадистерде елді, жерді қорғаудың маңыздылығы айрықша аталғанын атап өтті.

Әрбір мұсылман үшін туған жерін, елін қорғау – үлкен жауапкершілік әрі сауапты іс. Өйткені Отан – Алланың бізге берген аманаты. Елді қорғау – имандылықтың, ерліктің және азаматтықтың айғағы.

Сонымен қатар, ол сарбаздарды адалдыққа, ерлікке, тәртіп пен төзімділікке шақырып, олардың қызметіне сәттілік тіледі. Сарбаздар да имамға ризашылығын білдіріп, насихаттан рухани қуат алғандарын жеткізді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: