Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылында жиналған жамағатқа Еламан Бақытханұлы ұстаз дәстүрімізде өзіндік орны бар «Көрімдік пен байғазы» турасында сөз қозғады.
Еламан ұстаз: «Көрімдік пен байғазы екеуі де қазақ халқының дәстүрлі сый-сыяпаты, бірақ мән-мағынасы мен қолданылатын жағдайы әртүрлі. Көрімдік - жаңа туған балаға, жас келінге, жүйрік атқа.«Негізгі мағынасы – қуанышқа ортақтасу, жаңа нәрсені алғаш көру құрметіне сый ұсыну. Байғазы - жаңа киім, жаңа дүние-мүлік, әсіресе балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый.Көбіне үлкендер балаларға «жаңа киімің құтты болсын» деп ақша немесе сыйлық береді.Байғазының мәні – жаңа заттың иесіне қуаныш сыйлау, киімін ұзағынан киюді тілеу.» - деп, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрімізді білуге оны насихаттауға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі