Жүніс молда мешітінде әйел жамағатына арналып «Отбасым – менің тірегім» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әйел-аналардың қоғамдағы және отбасындағы рөлін нығайту, жанұя ішіндегі ынтымақ пен сыйластықты арттыру болды.
Семинар барысында қатысушыларға отбасы берекесін сақтаудың жолдары, ер мен әйелдің жауапкершілігі, бала тәрбиесіндегі ананың орны жайлы тағылымды насихат айтылды. Сонымен қатар қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тәжірибелі ұстаздардан кеңес алды.
Жиналған әйел жамағаты шарадан ерекше әсер алып, отбасының – әрбір адамның тірегі әрі қуанышы екенін тағы бір мәрте сезінді. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны айтылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі