Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде имамдармен семинар өткізілді. Бас имам Қабылбекұлы Ғалымжан ауыл имамдарының алдағы С санаты бойынша имамдардың емтихан алды білімдерін тексерді.
Аталған семинар діни қызметкерлердің мешіт ережесі мен имам құжаты бойынша кәсіби біліктілігін арттыру, рухани білімін жетілдіру және қазіргі қоғамда имамдардың атқаратын рөлін нығайту мақсатында өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.