Жуырда Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітіне бас имам болып тағайындалған Таласбаев Есет Тұрдыбайұлы ауданға қарасты мешіт имамдарының кезекті жиналысын өткізді.
«Биылғы жылы 5-бағытқа байланысты тың бастамалармен жұмыс жасау бүгінгі таңдағы басты міндетіміз. Бұл бағытта ҚМДБ-дан берілген жоспар, тапсырмаларды бұлжытпай мерзімінде орындап, нақты нәтижелер көрсетуіміз керек. Әсіресе уағыз-насихат пен дін мен дәстүрді кең көлемде насихаттау керек - деп атап өтті бас имам.
Бас имам шараларды жеке талдап түсіндіре отырып, нақты істерге тоқталды. Сонымен қатар ауыл имамдарына өңірдегі барлық мешіттердің жылу жүйесі, мешіт бейне бақылау нысандарының барысы және кері ағымдармен жүйелі түрде нәтижелі жұмыс жасау, «Иман» мен «Мұнара» баспаларының жазылуна, діни басқарманың тапсырмаларын уақыты орындау, жамағатпен жұмысты жаңаша бағытта үйлестіру шараларға тоқталды.
Есет Тұрдыбайұлы ауыл имамдарына іс-шаралары өрістетуді айтып, кейбір салалар бойынша нақты тапсырмалар берді. Жиналыста еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығымен халықтың амандығы үшін дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.