Қордай: «Отбасы» күні қарсаңында тұсау кесер дәстүрі өтті

Қордай: «Отбасы» күні қарсаңында тұсау кесер дәстүрі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұсау кесу – қазақ халқының жас ұрпаққа қалдырған тәрбиелік ғибраты. Сәби тәй-тәй басқанда оның аяғына ала жіп байлап, көп балалы, көргенді, елге сыйлы аналар мен аталарға қидырады. Бұл – «баланың қадамы берік болсын, өмірі адал болсын, ала жіп аттамасын» деген халықтың асыл тілегін білдіреді.

Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Әрбір амал ниетке байланысты» деген. Демек, бұл салт шариғатқа қайшы емес. Өйткені ала жіп баланың аяғына байланып, оны пышақпен кесер кезде «Бисмиллә» сөзі айтылады.

Осы сәтте балаға «адал азамат бол», «бөтеннің ала жібін аттама», «бақытты бол» деген игі тілектер айтылады. Осы игі дәстүрді Жамбыл облысы Қордай ауданы Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің әжелер алқасы мүшелері «Отбасы» күніне орай өткізді. Шара барысында балапанға жақсы тілектер айтылып, дұға жасалды. Баршамыздың ұрпағымыз адал, білімді, иманына берік болсын!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: