Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірсе, қонағын лайықты сыйласын», – деген. Сахабалар: «Оның сыйы не?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Қонақтың сыйы – бір күн және бір түн. Қонақ ету үш күнге дейін, ал одан асқаны – үй иесінің садақасы» – деп жауап берген.
Осы хадиске орай «Отбасы» күні қарсаңында өткен басқосудан соң «Рахман» мешітінің әжелер алқасы қонақтарды ақ дастарқан басында қарсы алды. Дастарқан басында тағылымды насихаттар айтылып, ізгі тілектер білдіріліп, дұға жасалып, бата берілді. Баршамызға Құдай ақысы мен адам ақысын толық өтеп, жақсылыққа жеткізуді Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі