Тараз қаласы Әулие ата мешітінің бас имамы 1-ші аймаққа қарасты мешіттерге тексеріс өткізді. Сапар барысында мешіттердің ішкі және сыртқы тазалығы, жамағатқа жасалып жатқан қызметтері, оқу – ағарту бағытындағы жұмыстар мен қайырымдылық шаралары зерделенді.
Бас имам мешіт имамдарына діни ағартушылықты жандандыру, жастарғаидұрыс тәрбие беру, Құран мен сүннетке негізделген сенімді деректерді халыққа жнткізу қажеттігін атап өтті.
Алла елшісі (с.ғ.с) хадисінде: « Алла – таза, тазалықты жақсы көреді» делінген. Осыған орай аймақ мешіттері жамағатқа рухани ғана емес, сыртқы көрініс тұрғысынан да үлгі болуға мән бермек.