Тараз қаласы Танты ауылы "Танта баба" мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, жамағатқа палау және су таратылды. Іс-шара барысында 250-ге жуық адамға дәм ұсынылды.
Ауыл адамдары бұл бастаманың берекелі болғанын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Мұндай игі іс адамдардың жүрегіне жылулық сыйлап қана қоймай, бірлік пен бауырмалдықты арттыра түсетіні белгілі.
Ислам дінінде жамағатты сыйлау, бір‑ біріне қолдау көрсету үлкен сауапты іс саналады. Осындай игі амалдардың көбеюі қоғамға мейірім мен береке әкелмек.